Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы Назарбаев университетіне қатысты әзіл айтты

Іс-сапарда жүрген елбасы Назарбаев университетіне қатысты әзіл айтты.

Президент Қостанай облысында Global Gas Group директорының Астананы газбен қамту мәселесі жөніндегі есебін тыңдады.

«Биылғы жылы Назарбаев уиверситетін, «Ғарыш сапары» ғарыш орталығын, қамтамасыз етеміз», – деді Олег Гончаров сөз барысында.

«Бұл менің университетім емес», – деді елбасы күлімдеген жүзбен.

«Кешіріңіз», – деді Олег Гончаров.

Елбасы Астананы газбен қамту мәселесінің маңызды екенін атап өтті.

«Біз әр түрлі жолдарды қарастырып көрдік. Тобылдан газ тарту керек пе, әлде оңтүстіктен бе, Жезқазған мен Қостанай арқылы Қызылордадан тартамыз ба деп ойладық. Мұның бәрі қарастырлып жатыр», – деді Назарбаев.

Ақорда сайтының мәліметінше, елбасы Қостанайдағы ойын-сауық орталықтарын, отбасылық саябақ, кинотетралар мен мейрамханаларды аралап көрді.

Назарбаев Университеті – елбасының бстамасымен ашылған Астанадағы жоғарғы оқу орны. Ашық дерек көзіне сүйенсек, елбасы университетке өз есімін беруге келісімін берген. Оқу ордасы 2010 жылдан бастап білім бере бастады.

Тағы да оқыңыз:

Шымкентте жаңа туған нәрестесін өлтіріп қоқысқа тастаған әйел Астанадан табылды

Қарағанды облысында билік өкілдері бір әйелдің еміне мемлекеттен 15 млн теңге бөлді

Қарағандыда полицей самбо әдісін пайдаланып, күдіктінің басын асфальтқа ұрған

Талқылау