Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы қазақстандықтарды 1 мамыр мерекесімен құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады.

назарбаев 1 май 010517

Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Қымбатты отандастар!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күні біз баға жетпес байлығымызды – туған ел игілігі жолындағы ырысты ынтымағымызды дәріптейміз.

Біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің мызғымас тұғыры – татулық пен тұтастық. Түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақтың, бір тудың астынан табылып, бүгінгідей еңселі ел, іргелі мемлекет атандық.

Түсіністік пен тұрақтылық – әрбір азамат атсалысып, әркімнің үлес қосуын талап ететін қастерлі құндылық. Осынау ақиқатты қалтқысыз ұғыну Отанымыз – Қазақстан Республикасында ұдайы бейбітшілік пен берекенің салтанат құруына септігін тигізеді.

Қоғамымызда қазіргі кезде қолға алынып жатқан жүйелі жаңғыру үрдістері бірлігіміздің нығая түсуіне ықпал етіп, жаңа белестерді бағындыруымызға жол ашады деп сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін!” – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жіберіп алмаңыз:

9 жасар қазақстандық қыз Гонконгтегі би чемпионатында жеңіске жетті (фото)

Танымал гимнаст 3 бөлмелі пәтердің құнына тең той көйлегін киді (видео)

27 жастағы келіншек Омбының “cупер келіні” атанды (фото)

“ЭКСПО-2017”-ның миллионыншы билетінің иесі: Астанадан хабарласқанда, әзіл деп ойладым

Талқылау