Елбасы Қанат Бозымбаевқа берілген сөгісті алып тастады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаева берілген тәртіптік жаза алынды.

Еске сала кетейік, былтыр қазан айында Елбасының Өкімімен ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жарияланған болатын.
Бұған дейін премьер-министр бензин тапшылығына байланысты жауапты шенеунікті қызметінен босатып, мемлекет басшысынан Бозымбаевқа сөгіс жариялауды сұрайтынын айтқан еді. Кейін президент үкімет басшысының бұл өтінішін қанағаттандырған.
Назарбаев Бозымбаевқа сөгіс алудың қызметтен босатумен бірдей жаза екенін айтқан болатын.
Тағы да оқыңыз:
Бекболат Тілеухан министрге: Наурыз таяп қалса да менің балам әлі Ю әрпін оқып жүр. Бұл қалай?
Назарбаев: Парламент пен үкімет тек қана қазақ тілінде жұмыс істеуі керек
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек