Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы бүгін республикалық телеарналар арқылы мәлімдеме жасайды

Бүгін кешкі сағат 21.00-де республикалық телеарналар арқылы мемлекет басшысының арнайы мәлімдемесі жарияланады.

20170130172046

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұған дейін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдегендей, бірнеше мәселелерді, дәлірек айтқанда қорғаныс қабілеті мен сыртқы саясат мәселесін мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлінген соң президент шешетін болады.

Назарбаевтың бірнеше министрлікті қайта құрғанын да хабарлаған болатынбыз.

25 қаңтар күні елбасы қазақстандықтарға үндеу жолдап,Конституция мен заңдарға өзгерістер енгізуді мәлімдеген еді.

Талқылау