Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы әуежайға есімінің берілуіне қатысты пікірін айтты

Назарбаев Астана атауының өзгертілуі жайында пікір білдіре отырып, Марк Аврелийдің сөздерін еске алды.

2679797

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Россия 24” телеарнасына берген сұхбатында еліміздегі нысандарға есімінің берілуі туралы бастамаларға көзқарасын айтып өтті.

Маусым айының соңында Үкімет қаулысымен елордалық әуежай атауы “Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы” болып өзгертілді.

Тілші осындай бастамаларға қатысты Елбасының көзқарасын сұрады.

“Бұл менің бастамам емес. Бұған үнемі қарсы боламын. Бірақ бұл мәселе туындамай тұрмайды. Бәлкім, адамдардың берген бағасы шығар. Атқарылған жұмысты көріп, бағалап жатқандарына ризамын”, — деп жауап берді Назарбаев.

Елбасы атап өткендей, кез келген саясаткер, мемлекеттің көшбасшысы игілікті істерімен тарихта қалуға ұмтылуы тиіс.

“Бұл мәселе (атауды өзгерту туралы – ред.) — біздің емес, келешек ұрпақтың еншісінде. Осы орайда ұлы философ, Рим императоры Марк Аврелийдің айтқан сөздері ойыма оралады. Ол неге әлі күнге дейін ескерткіші салынбаған деген сұраққа: “Мынау кімнің ескерткіші деп сұрағанын қаламаймын. Одан да неге оған ескерткіш салынбаған деп сұрасын”, — деп жауап берген екен”, — деп түйді Назарбаев.

Тағы да оқыңыз:

Телегония: Алғашқы жақындасқан еркектің әйелге әсері жайында шариғат не дейді?

Елбасы деген екен: Қазақстан президентінің 7 әзілі

Назарбаев елорданы көшіру тарихы жайлы: депутаттар мені қалжыңдап тұр деп ойлады

Талқылау