Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады

Мемлекет басшысы Президенттің Алматыдағы резиденциясында өткен кездесуде экономикалық, қаржылық, мәдени және білім орталығы ретінде  Алматының ел дамуында зор маңызы бар айтты, деп хабарлайды Akorda.kz.

-Алматы – үлкен қала, оны басқару күрделі міндет жүктейді және бұл осында болып жатқан үдерістерді терең талдауды қажет етеді. Инвестиция тарту, мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту осы кезеңде жұмыстың негізгі бағыттарының бірі болуға тиіс, – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы сондай-ақ көші-қон ауқымы өсуін ескере отырып, қаладағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету ісіне айрықша көңіл бөлуді тапсырды.

-Келесі жылғы мемлекеттік инвестицияны 70 миллиард теңгеге азайтып, экономиканы қайта құрылымдалды. Жеке бизнестің жұмысын 75 миллиард теңгеге жандандыру қарастырылуда. Бүгінде 14 балабақшаның, 3 мектептің, бір емхананың құрылысына байланысты меморандумдарға қол қойылды, – деді Алматы әкімі Б.Байбек.

Әкім сондай-ақ өнеркәсіпті дамыту, қаланың 2017 жылғы Универсиадаға дайындығы мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Алатау ауданындағы индустриялық паркте 320 миллиард теңгеге 41 жобаны мақұлданған. Және ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің құрылысындағы қазақстандық қамту үлесін қамтамасыз ету аясында Алматы компанияларының 10 миллиард теңге көлеміндегі қаражатпен қатысатыны туралы меморандумға қол қойылған.

Талқылау