Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы АҚШ президенті Дональд Трамптан құттықтау алды

Нұрсұлтан Назарбаевты Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп құттықтады.

1688916

Трамп Америка халқы атынан Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отырған Халықаралық “ЭКСПО-2017” мамандандырылған көрмесінің өткізілуімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

АҚШ президенті осы жаһандық шараның арқасында Қазақстаннан және дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келетін миллиондаған қонақтар адам қиялынан нәр алатын технологиялық инновация мен 115-тен астам ұлттық павильондарда көрініс тапқан тамаша әріптестік әлеміне куә болатынын айтқан.

“Америка Құрама Штаттары Астанадағы “ЭКСПО-2017″ көрмесіне қатысып, Американың энергетика, ғылым және технология салаларындағы үздік жетістіктерін, сондай-ақ сан қырлы мәдениетімізді көрсетуді зор мәртебе санайды”, – делінген хатта.

Сондай-ақ, Трамп АҚШ павильоны өткен ширек ғасырда елдеріміз нығайта түскен стратегиялық серіктестіктің маңызды нышаны болып саналатынын және оның Құрама Штаттардың алдағы уақытта да өңірдегі бейбітшілікті, тұрақтылық пен өсіп-өркендеуді қолдауға деген ниетін білдіретінін атап өтті.

“Президент мырза, “ЭКСПО-2017″ көрмесі арқылы энергетикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жаһандық диалогты одан әрі ілгерілетудегі Сіздің көзқарасыңыз бен көшбасшылығыңыз үшін Сізге және Қазақстанға ілтипатымды білдіремін. Өзара сыйластық пен ортақ мүддеге негізделген АҚШ-Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік одан әрі нығая түседі деп сенемін”, – делінген хатта.

Тағы да оқыңыз:

Астанада қайырымсыз балалары қартайған шағында анасының үйін тартып алды

Жезқазғанда той соңында қалыңдық пен бір топ жігіт арасында төбелес болды (видео)

Жаңа заң бойынша көлігін полицей тоқтатқан жүргізушілердің не істеуге құқығы бар?

Жары жазушы Немат Келімбетовтің 10 жыл сал болып жатып қалай аяққа тұрғанын айтты

Талқылау