Екібастұзда логопед тілі мүкіс баланы ұрып оқытқан

Сәрсенбі, 17 Мамыр , 2017 21:38

Енді ашушаң ұстаз жазаға тартылуы мүмкін. Сондай-ақ, білім басқармасындағылар оның балабақшадағы жұмысынан қуылатынын айтып отыр. Тіл маманынан таяқ жеген 3 жасар Юраның жағдайын КТК арнасы біліп қайтты.

тілі мукіс Юра

Юра қазір маңайына ата-анасынан өзге ешкімді жолатпайды. Бұған жақында болған оқиға себеп. Тілінің мүкістігі бар бүлдіршінді логопедтің ұрып-соғып оқытқаны мына кадрларда анық көрінеді. Ұлының бойынан үркектікті байқаған анасы үйге келіп сабақ беретін ұстаздың бұл қылығын осылай түсіріп алған.

«Бастапқыда балам жылайтын. Логопед бұл бөтен адамға үйренген соң басылады деді. Кейін ұлым оны көргеннен-ақ жылауды шығарды. Бұдан соң әжесі маманның ұрысқанын естіпті. Ұстаз кезекті рет келгенде компьютердегі вебкамераны қосып қойдым. Баламды ұрғанын көргенде өзімді қоярға жер таппадым», – дейді Юраның анасы Анастасия Безукладникова.

Ғаламторда тараған бұл бейнежазба басқаларды да алаңдатып отыр. Екібастұздықтар осы жайтқа шаһарда арнайы орталықтың жоқтығы себеп дейді. Енді тілі мүкіс балалардың ата-аналары қайда барарын білмейді.

«Сөйлей алмайтын балаларға орталық ашса керемет болушы еді. Балабақшаға апаратын мысалы мақсатымыз бар. Балабақшада оны қалай тәрбиелейді тәрбиешілер. Ұрып-соғу деген фактілер бар болса, мен оны қалай дәлелдеймін? Оны қалай көрсете алам? Камералар жоқ», – дейді Екібастұз қаласының тұрғыны Марал Бекмергенова.

Ал бүлдіршінді желкеден ұрып оқытқан логопедтің өзі жеке сабақ берумен қоса балабақшада жұмыс істейтін көрінеді. Еңбек демалысына кеткен оны енді білім бөліміндегілер жазалаймыз деп отыр.

«Қазіргі уақытта бұл мұғалім кезекті еңбек демалысында. Еңбек демалысынан шыққан кезде бұл мұғаліммен келісім-шарт бұзылады», -дейді Екібастұз қаласы білім бөлімінің басшысы Нұржамал Мақұмова.

55 жастағы ұстаздың өзі хабарласқанымызда ауырып қалғанын айтып, кездесуге келмеді. Білім саласында 18 жылдан бері еңбек етіп жүрген ол, екі жыл бұрын логопед мамандығы бойынша білім алған екен. Ал оның үстінен полицияға шағым түсірген ата-ана жауапқа тартқызбай қоймаймыз деп отыр.

3 жасар Юраның өзі қатты шошып қалғаны болмаса дін аман. Оның психикалық соққы не дене жарақатын алған-алмағаны арнайы сараптамадан соң анықталмақ. Ал бүлдіршінді ұрып оқытқан логопедке қатысты қазір қылмыстық іс қозғалған.

Жіберіп алмаңыз:

Көкшетауда әріптесін жалаңаш шешіндіріп қарға көміп өлтірген полицейге үкім шықты

Қазақстанның басым бөлігінде күн қайта суытып жауын жауады

Өркеннің туған анасы баласынан айырылатын күні жайсыз түс көрген

20 жасында Apple компаниясына шақырту алған қазақ жігітінің қайғылы тағдыры

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар