Қазақстанның басым бөлігінде күн қайта суытып жауын жауады

Сәрсенбі, 17 Мамыр , 2017 19:10

18-20 мамырда Қазақстанның солтүстік өңірлерінде күн салқын, ал оңтүстікте ауа райы жауын-шашынды болмақ.

91645244

«Суық антициклон тарамдары Қазақстанның солтүстік өңірлеріне таралуда. Бұл түнгі температураның төмендеуіне алып келуде. Таяу екі тәулікте бұл облыстарда суық антициклон ықпалы сақталады. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс облыстары арктикалық суық ағын ықпалында қалады. Бұл жерде ауа нормаға жуық және нормадан жоғары болады деп күтілуде. Қазақстанның батысында жер-жерлерде өткінші жауын жауып, күн күркіреп, температура көтеріледі.

Егер өткен тәулікте  күндізгі  температурасы  +  13…20ºС болса, алдағы үш тәулікте  +  22…30ºС-қа дейін көтеріледі», – делінген хабарламада.

Астанада 18 мамырда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз.   Жел солтүстік-шығыстан соғады  – 7-12 м/с. Түнде температура  -1-3°С, күндіз +15+17°С. 19 мамырда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел  оңтүстік-шығыстан  соғады – 5-10 м/с. Түнгі температура -1-3°С, күндіз +17+19°С.

20 мамырда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан – 5-10 м/с. Түнде температура  +3+5°С, күндіз +19+21°С болады.

Алматыда 18 мамырда көшпелі бұлт шығады, өткінші жауын жауып, күн күркірейді. Жел  екпіні   10 м/с-қа жетеді. Түнде температура  +14+16°С, күндіз +21+23°С.

19 мамырда көшпелі бұлт шығып, өткінші жауын жауады. Күн күркірейді. Желдің жылдамдығы – 0-5 м/с. Түнгі температура +9+11°С, күндіз  +21+23°С. 20 мамырда ауыспалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с. Түнде +8+10°С, күндіз +23+25°С болады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.06.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар