Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұзда жас келіншек ер адамды пышақтап өлтіріп, ауласына тастап кеткен

Екібастұз қаласы Солнечный кенті бөлімшесіндегі кезекшілік бөліміне подъезде жараланған ер адамның жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

cb38885cb4b13cfe0fb5a0ace92ae289

Сурет: www.omsk.aif.ru 

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл іске қатысты 27 жастағы кент тұрғыны құрықталған.

“Ер адам мен ұсталған азаматша ішімдік ішіп отырып, араларында жанжал туындаған. Нәтижесінде әйел адам шөлмектесіне пышақ сұғып алған. Бұдан әрі ол марқұмды пәтерден сүйретіп шығарып, ауласына тастап кеткен. Ауыл тұрғыны алған жарақаттар салдарынан көз жұмған. Аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды”, – деп жазылған хабарламада.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда ұры тоғыз мың теңге үшін сатушыны 48 жерден пышақтап кетті (фото)

Ақмола облысында әйел күйеуін пышақтап жертөлеге тастап кеткен

ШҚО-да отбасындағы түсініспеушілік кезінде қызы анасын пышақтап өлтірді

Талқылау