Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да отбасындағы түсініспеушілік кезінде қызы анасын пышақтап өлтірді

Соңы қайғылы жағдаймен аяқталған оқиға Б. есімді әйелдің 38 жастағы ағасының туған күнінде болған. Туған күнді тойлап отырған кеште анасы қызының үйге жөндеу жұмыстарын ұзақ жасап жатқанын айтқан.

339883
Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Шаңның әсерінен астма ауруы асқынып, өзін жаман сезініп жүргенін де есіне салған. Қыз анасына қарсы дауыс көтеріп сөйлеген. Бірер уақыт өткен соң ағасы өз жұмыстарымен сыртқа шығып кетеді. Сол кезде анасы мен қызының арасында қайта жандал басталған. Ішімдік ішіп мас болып қалған қызы пышақ ала жүгіріп, анасын 6 рет жарақаттаған. Пышақ анасының денесінен алынбай қалған кезде ғана ол өзін тоқтатқан.

Үйге ағасы қайтып келгенде анасы өлі күйінде болған. Қызы полицияға өзі хабарласып, кінәсін мойындаған.
Ал, сот отырысында Б. есімді әйел басқаша жауап беріп, бастапқыда полицейлердің қорқытуынан кінәні өз мойнына алғанын айтқан. Оның айтуынша, ағасымен төбелесіп, есінен танып қалған. Кейін есін жиғанда, анасы өлі күйінде болған. Алайда, сотта оның бұл нұсқасы негізсіз болып саналды.
Сотта Б. есімді әйелдің 8 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң ұстау абақтысында өтеуге шешім шығарылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Роман Кудинов

Талқылау