Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұз тұрғыны ашық кәріз құдығына құлағаны үшін 500 мың теңге өндіріп алды

2014 жылы желтоқсан айында Әсел Ысқақова № 2 қалалық ауруханадан шығып, бордюрден аттай берген сәтте тереңдігі 3,5 метр ашық кәріз құдығына құлап кеткен. Абырой болғанда, биіктіктен құлаған азаматша ұялы телефонның арқасында көмекке шақырып, аязда екі сағаттай құтқарушыларды күтіп жатқан.

20131218_08_02_42936 (1)

Сурет: total.kz 

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Екібастұзда № 2 қалалық ауруханаға тиесілі ашық кәріз құдығына құлаған 33 жастағы Әсел Ысқақова бір жарым жылдан кейін қала әкімі мен әкімдіктен және медициналық мекемеден сот арқылы екі млн теңге моральдық шығынды өндіріп беруді талап еткен.

Іс материалына сүйенсек, 2014 жылы желтоқсан айында Әсел Ысқақова № 2 қалалық ауруханадан шығып, бордюрден аттай берген сәтте тереңдігі 3,5 метр ашық кәріз құдығына құлап кеткен. Абырой болғанда, биіктіктен құлаған азаматша ұялы телефонның арқасында көмекке шақырып, аязда екі сағаттай құтқарушыларды күтіп жатқан.

Сот-медициналық сараптамасына сүйенсек, әйел адамның жамбас сүйектері сынған. Тоғыз және төрт жастағы балаларды тәрбиелеп отырған ол алған жарақаттары салдарынан ұзақ уақыт қимылдай алмаған. Сондықтан ауруханаға жатудан бас тартып, үйде ем қабылдаған.Бұған қоса, қос бүлдіршіннің бірі бала кезінен мүмкіндігі шектеулі.

“Екібастұз қалалық соты арыз берушінің талабын ішінара қанағаттандырды. Себебі № 2 қалалық аурухана — мемлекеттік мекеме және бюджеттен қаржыландырылады. Сот өтемақы көлемін 500 мың теңгеге дейін төмендетті. Ал, Екібастұз қаласы әкімі мен әкімдікке қатысты арыз қанағанаттандырылмады. Себебі олар бұл іс бойынша жауап беруші болып табылмайды”, — деді облыстық соттың ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Жұматаева.

Жіберіп алмаңыз:

Ашық жатқан құдыққа тағы бір бала құлап, өлім аузынан қалды

Ақмола облысында 9 жасар бала түнімен құдықта отырып, сырттан көмек күткен

Талқылау