Екі күн ішінде 700 адам ұсталған: ІІМ митинг кезінде түсірілген видео жариялады
ҚР ішкі істер министрлігі 9-10 маусым күндері Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында болған митингілер кезінде түсірілген видео жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бірінші күні 500, екінші күні 200 адамдай ұсталды. Алғашқы күні 500 адамның 400-і жауапкершілікке тартылса, екінші күні 150 адам тартылды", - деді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
Сондай-ақ, ол митинг кезінде үш полицейдің жарақат алғанын жеткізді. Айтуынша, екі полицейдің басына тас тиген. Ал үшіншісінің көзі күйген.
Естеріңізге сала кетсек, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында жүздеген адам митингіге шығып, сайлау туралы ойын ашық білдірген болатын. "Алматы аренада" өткен жиындардың бірінде айтыскер ақын Ринат Зайытов тұтқындалды.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”