Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Егіздер аналары қайтыс болғанына 4 ай толған соң дүниеге келді

Әлемдік медицинада сенсация орын алды. Бразилияда егіздер аналары қайтыс болғаннан кейін 4 ай өткен соң дүниеге келген.

photo_220709

Бұл туралы НТВ арнасы хабарлайды.

Мамандар 123 күн бойы сәбилердің өмірін сақтап қалу үшін күрескен. Бұл – бүгінгі таңдағы ең заманауи эксперименттердің бірі. Дәл қазір Анна-Витория мен Асаф жүзіне қараған жандарға күлімсіреп қарайды.

“21 жастағы Франкилен да Сильва жүктіліктің тоғызыншы айында болатын. Ауруханаға ауыр халде түсті. Көп ұзамай миына қан құйылып, қайтыс болды. Осыдан кейін оның сәбилерінің жүрегі тоқтауы тиіс еді. Алайда күтпеген жерден олардың аман екендерін анықтадық”, – дейді жүйке жүйесі аурулары бөлімінің дәрігері Далтон Ривабем.

Әйелдің миы сөнгенімен, ағзасының басқа бөліктері жұмыс істеп тұрған екен. Әйелдің егіздерге дейін бір қызы болған. “Дәрігерлер әйелімнің ішіндегі сәбилердің жүрегі тоқтаған соң оны көмуіме болатынын айтқан болатын”, – дейді марқұмның күйеуі.

Дәрігер Ривабем Португалиядағы әріптестерімен хабарласып, олардан кеңес сұраған. Себебі, олар дәл осыған ұқсас жағдайды бастарынан өткерген екен. Сәбилерді қайтыс болып кеткен анасының ішінде 107 күн бойы өсірген.


Жіберіп алмаңыз:

Қытайлық ұшқышсыз қозғалып бара жатқан ұшақты тоқтатты

АҚШ-та екі жерінен оқ тиген сәби аман қалды

Дәрігерлер жігіттің аяғының башпайын қолына ауыстырып салды (фото)

Қызы телесериалдың арқасында әкесін ажалдан құтқарып қалды

Талқылау