Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Егер оттегі жер бетінен 5 секундқа толықтай жойылып кетсе не болады

Оттегі жер атмосферасындағы негізгі ингредиент болмауы мүмкін, бірақ ол тіршілік атаулының өмір сүруі үшін ерекше маңызға ие.

kislorod-neobhodim-

Фото: Otravilsja.ru

Бұл туралы nz1.ru хабарлайды.

Әрине, кім болсын жеткілікті тамақ, су және оттегісіз өмір сүре алмайды. Ал сіз егер жер бетінен 5 секундқа оттегі жоғалып кетсе не болады деген сауалға жауап іздеп көріп пе едіңіз? Ендеше, жауаптарын бірге бақылайық.

  • Жағалауда демалып жатқан әрбір адамды қатты күйік шалады. Себебі оттегі ауада біздің терімізді ультракүлгін сәулелерден қорғап тұрады.
  • Аспан бірден қара түске боялады. Біраз бөлігі күңгірттеніп кетеді.
  • Барлық өңделмеген металл атаулы бір-біріне жабысып, еріп кетеді.
  • Жер қабығы жарылады. Жер қабығынан бөлінетін оттегі қоры 45 пайызды құрайды.
  • Әр адамның ішкі құлағы жарылып кетеді. Өйткені, ондағы атмосфера қысымы 21 пайызға дейін төмендейді.
  • Бетоннан жасалған әрбір ғимарат шаңға айналады. Себебі оттегі бетондағы байланыстырушы негізгі нәрсе.
  • Мұхиттар буға айналып, ғарышқа ұшып кетеді. Оттегісіз сутегі жоғарғы тропосферада еркін жылжиды. Нәтижесінде олар шексіз ғарыш әлеміне бір-ақ кетеді.

Ал егер оттегі көлемін екі есеге арттырса не болмақ?

  • Қағаз ұшақтар тым алысқа еркін самғай алады.
  • Біз мүлде төменгі деңгейдегі шығынмен отын жағамыз.
  • Біз қазіргіден де бақытты әрі жинақы боламыз.
  • Қосымша оттегі біздің білімімізді арттырып, физикалық дайындығымызды күшейтеді.
  • Бірақ, алып жәндіктер көбейіп кетер еді. Себебі жәндіктердің дене көлемі атмосферадағы оттегіге тікелей байланысты.

Оқи отырыңыз:

Жолаушы қыз мас жүргізушінің орнына автобус айдады

Жүз жасаған егіз әжелер ұзақ өмір сүрудің сырын айтып берді

Ерекше стильмен сәнді киінетін 86 жастағы қария елді таңғалдырды (фото)

Испан миллиардері туған ауылының барлық тұрғынын миллионерге айналдырды (фото)

Талқылау