Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джонни Депп жап-жас Леонардо Ди Каприоны қалай мазақ қылғанын айтып берді

Америкалық актер Джонни Депп, 1993 жылы “Гилберт Грейп не жейді?” фильмін түсіру кезінде жас актер Леонардо Ди Каприоны қалай мазаққа айналдырғанын айтып берді.

fc16e856ed2159c929201f1ebb_913f0793

“Мен Леоны өте қатты құрметтеймін. Ол бұл фильмдегі рөлі үшін материалдар қарап, ерекше мұқияттылық танытты. Мен оған айттым: “Сен анаңнан жасырғаныңды қоймайынша, мен саған темекі бермеймін” деп”, – дейді Депп.

Джонни Депп бұл сөздерін 4 ақпан күнгі Санта-Барбарада өткен “Заманауи шебер”  кинофестивалінің салтанатты табыстау кешінде айтқан. Ол сондай-ақ, актер Марлон Брандомен, Аль Пачиномен және миллиардер Дональд Трамппен кездескені туралы да айтып берген.

52 жастағы Джонни Депп “Плакса”, “Өлім”, “Донни Браско”, “Аризондық арман”, “Қорқыныш және Лас-Вегасты жек көру”, “Кариб теңізінің қарақшылары” атты танымал картиналарға түскен.

2016 жылдың қаңтар айында Леонарда Ди Каприо алтыншы мәрте “Оскар” сыйлығына үміткер атанды. Бір де бір рет бұл сыйлықты алмаға Лео, осы жолы сайысқа Иньяриттудың “Женкешті” фильміндегі ер адам рөлі үшін түсіп отыр. 1994 жылы да “Гилберт Грейп не жейді?” фильміндегі рөлі үшін де “Оскарға” үміткер атанған еді.

Талқылау