Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джонни Депп Трампты өлтіру туралы әзілі үшін кешірім сұрады

Америкалық актер Джонни Депп президент Дональд Трампты өлтіру туралы айтқан сөзі үшін кешірім сұрады.

296819

Бұл туралы People журналы хабарлайды.

“Мен Трамп туралы айтқан нашар әзілім үшін кешірім өтінемін. Менде жаман ой болған жоқ, тек әзіл мен ойлағандай шықпай қалды. Мен біреудің көңіліне тиюді емес, тек қалжыңдағым келді”, – деді актер.

Депп Трампты өлтіру туралы әзілін музыкалық іс-шаралардың бірінде айтып қалған. Онда ол “Қашан соңғы рет актер президентті өлтірді?” деп сұрайды көпшіліктен. Актердің президентті өлтіруі туралы әңгіме – 1865 жылы театрда актер қолынан қаза тапқан Авраам Линкольнның өлімін меңзейді.

Кейін Депптің бұл сөзіне қатысты Ақ үй де пікір білдірді.

“Президент Трамп кез-келген зорлықты айыптайды, ал Джонни Депп секілді тұлғалардың президенттің үлгісін ұстанбайтыны өкінішті”, – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз:

БАӘ ханшайымдары қызметшілерін кемсіткендері үшін жазаға кесілді

Түркия президенті мешітте есінен талып құлады

Мектеп басшылығы мұғалімнің порнофильмдерге түспеуін талап еткен

Қажылыққа 40-тан асқандар ғана баратын болды

Талқылау