Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАӘ ханшайымдары қызметшілерін кемсіткендері үшін жазаға кесілді

БАӘ астанасы Абу-Даби қаласын басқаратын отбасының ханшайымы Шекха Аль-Нахайян мен оның 7 бірдей қызын 15 айға шартты түрде қамауға алу туралы шешім шықты.

xw_1420471

Бұдан бөлек, қызметкерлерін кемсіткені және адамдарды заңсыз тасымалдағаны үшін олар 165 мың еурокөлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Мұндай шешімді 23 маусым күні Брюссель (Бельгия) соты шығарды, деп хабарлады La Libre.be.

Тоғыз айға жалғасқан тергеу жұмыстарынан кейінші сот процессі биылғы жылдың мамыр айында басталды.

Бұдан өзге, БАӘ ханшайымдарына Бельгия заңын бұзды деген күдік тағылды. Қылмыс 2007 мен 2008 жылдар аралығында ханшайымдар Бельгия астанасында демалып жатқан кезде орын алған екен.

Оларға қызмет көрсетуші қызметкердің бірі қашып шығып, полицияға арыз түсірген.

Ханшайымдар Conrad қонақ үйіне тоқтады. Олар өздеріне қызмет көрсететін 20 әйелді бірге алып келген.

Associated Press-тің хабарлауынша, қызмет көрсетуші топ ол үшін мүлдем ақша алмапты, ал кейбіреулері еденде ұйықтап, талай мәрте аш қалған көрінеді. Сондай-ақ, қожайындардың оларға үнемі айқайлап, кемсітетіні анықталды. Жат елге келген кей қызметшілердің, тіпті визасы болмаған.

La Libre.be басылымының хабарлауынша, сот еңбек мәселесіне келгенде Бельгия жерінде ешқандай заңбұзушылықты байқамаған. Себебі қызметшілердің жұмыс берушісі ханшайымдардың өздері емес, Private Department компаниясы болық шыққан (БАӘ-де орналасқан және бір бөлігі ханшайымдар отбасына тиесілі).

Жіберіп алмаңыз:

Аквапаркте бес адам тоққа түсіп, мерт болды

Ресейде педофил-әке асырап алған қыздарын 729 рет зорлаған

Жартылай адам, жартылай жануар түрінде туылған жаратылыс елді шошытты (фото)

Күйеуі бар мұғалім келіншек 18 жастағы оқушысымен 9 ай бойы жасырын жүріс жасаған

Талқылау