Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джонни Депп өзіңін 16 жастағы қызы Лили-Роуздың бисексуалды екенін айтты

Голливуд актеры Джонни Депп өзіңін 16 жастағы қызы Лили-Роуздың бисексуалды екенін айтты. Бұл туралы ол Daily Mail басылымына берген сұхбатында хабарлаған, -деп хабарлайды Stan.kz.

лили

Ол мұны қызының гейлер ұйымына кірмей тұрып-ақ сезгенін жасырмады. “Әлеуметтік желіде қызу талқыланып, ұзақ әңгіме болды. Бірақ мұны мен ғана емес, қызымның өзі де жасырмайды. Мен қызымның бар әрекеті үшін мақтанам. Және оған сенем. Әрине, оның болашағы үшін де алаңдаймын”, – дейді әкесі.
Лили-Роуз ЛГБТ ұйымына 2015 жылдың тамыз айында мүше болған. Оған Self-Evident Truths фотожобасына түсу себепші болған. Жобаға қатысқан 10 мың қатысушының ішінде Лили-Роуз ғана өзін 100 пайызды гетеросексуалды емес екенін айтқан. Бірақ, оған дейін бұл туралы ешкімге тіс жармаған. Лили-Роуз ең алғаш ресми түрде 2015 жылы сәуір айында шыққан еді. Ол кезде анасы Ванесса Парадимен бірге Chanel көрсетіліміне түскен болатын. Сол кезден бастап БАҚ өкілдері оның әкесінің ізін жалғастырады деп жариялады.
Ванесса Паради и Джонни Депп 2012 жылдың маусым айында 14 жыл отасқан соң ажырасып кеткен. Олар заңды некеде болмаған. Және рәсімдеуге асықпайтындарын айтқан. Сол уақыт аралығында қызы Лили-Роуз бен ұлы Джек дүниеге келген еді.

Талқылау