Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дұрыс істедім": Ресейде қалалық дума депутаты әйелін өлтіріп, әлеуметтік желіде мойындаған

Ресейде Тверь қалалық думасының депутаттығына үміткер болған Евгений Никольский әлеуметтік желіде әйелін өлтіргенін мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Insider басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

бала

Фото: theins.ru

"Иә, мен істедім. Қашу ойымда жоқ, лайық жазамды аламын. Басымды тік көтеріп жүремін, себебі бәрін дұрыс істедім… Маған не болатыны маңызды емес. Бірақ өтірікші сайқал жазасын алды, ол секілділердің бәрінің тағдыры осындай болсын”, – деп жазды Никольский VK парақшасында.

Никольский сонымен қатар 11 айлық қызына қамқор болуды сұрап, сол үшін ғана өмір сүретінін айтты. 

Никольский 2017 жылы Тверь қалалық думасына "справедливая Россия" тізімі бойынша ұсынылды. Партияның аймақтық сайтында ол Тверь қаласының Мәскеу ауданындағы партияның жергілікті филиалын басқарады делінген.

Baza Никольскийдің реанимацияға түскенін жазды. Telegram-арнаның мәліметінше, Никольский жанжал кезінде қызғаныштан әйелін мойнынан пышақтап, содан кейін әлеуметтік желіде істегенін мойындаған. Олардың жанында болған ауыр жараланған әйелдің бауыры әпкесіне көмектесуге тырысып, оған кедергі келтірген Никольскийді бірнеше рет домкратпен ұрған. 

Екатерина Никольская 36 жаста еді. Ол қоғамдық жұмыстармен айналысып, балаларға би үйрететін.

Айта кетейік, бұған дейін Шешенстан министрі мас күйде көлік жүргізіп ұсталған еді. Қадыров оны тұтқындағандарды қызметінен босатуды талап етті. 

Кадыров шенеуніктің ұсталуын "арандатушылық" деп атады.  Айтуынша, Цакаев "өрескел заңбұзушылық жасамаған". Оның қызметтік құжаттары мен формасы өзімен бірге болмаған, өйткені шенеунік Шешенстаннан демалыс күнінде шыққан.

Талқылау