Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дэвид Кэмерон мұсылман қыздарды өзгелермен тең көруді талап етті

“Ұлыбританияда әйелдерді бөліп-жару, кемсітушілкпен күресу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Мұнда кез келген әйел өзі қалағанынша өмір сүруге құқылы”, – деді Кэмерон.

d._kemeron

Бұл туралы Times хабарлайды.

“Ұлыбританияда әйелдерді бөліп-жару, кемсітушілкпен күресу жұмыстары қызу жүріп жатыр”, – дейді премьер-министр Дэвид Кэмерон.

Ол Times газетіне берген сұхбатында әйелдер тарапына айтылатын кемсітушіліктер «төмен деңгейлі толеранттықты» көрсететініні айтқан.

«Бұл Британия. Мұнда кез келген әйел өзі қалағанынша өмір сүруге құқылы», – дейді премьер.

Ол мигранттардың ағылшын тілін оқуына 20 миллион фунт бөлуді уәде етті. Тіл үйренуге талпынбағандарға әкімшілік жаза қолданатын болады.

Сараптама нәтижесі бойынша, мұсылман әйелдердің 22 пайызы ағылшын тілін үйренуге құлық танытпайды.

«Бізге экономиканы ғана дамытып қоймай, бірлігі бекем қоғам құру керек», – деді Кэмерон.

Талқылау