Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дэвид Боуидің әріптесі оның ауруының құпиясын айтты

«Лазарь мюзиклінде Дэвид Боуимен бірге жұмыс жасаған бельгиялық режиссер Иво ван Хове  әртісте бауыр рагының болғанын айтты. Оның сөзінше әнші өзгелерді алаңдатпау үшін, бұл туралы адамдармен бөлісуді қаламаған.

pic_847622aac4ea5ff82a5e22a92ddbb9aa

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды

«Мен оның ауыратыны туралы бір жылдай бұрын білдім. Біз ол кезде қызу жұмысты бастап та кеткенбіз. Бірде ол маған дайындық жұмыстарына тұрақты қатыса алмайтынын, өйткені ауруы меңдеп тұрғанын айтты», – дейді  ван Хове. Алайда мюзикл труппасы әншінің ауруынан бейхабар болған.

2014 жылы «Дэвид Боуи: Биография» кітабын жарыққа шығарған әйел жазушы Венди Ли, әртістің ауырған жылдары алты бірдей инфарктқа ұшырағанын айтқан.

«Ол «Лазарь» қойылымында өзін өте күшті ұстады. Бірақ, сахнадан шыға салысымен еденге құлап түсті. Мен сол кезде оны соңғы рет көріп тұрғанымды байқағандай болдым», – дейді режиссер ван Хове.

«Лазарь» мюзиклінің премерьасы 2015 жылдың 12 желтоқсанында Нью-Йорк қаласында өткен болатын. Қойылым негізі Уолтер Тевистің «Жерге құлаған Адам» романынан алынған. 1976 жылы экранизацияланған осы шығарманың басты рөлінде Боуи ойнаған еді.

Даңқты музыкант Дэвид Боуи 10 қаңтарда дүниеден өтті.

 

Талқылау