Дұғалова төлқұжаттағы есімін өзгерткісі келіп жүр

Сәрсенбі, 10 Тамыз , 2016 10:07

Жанар Дұғалова ағасы қойған есімін ұнатпай жүр. Ол оның сахнаға алып шығуға лайық емес екенін айтады. Өзі үнемі есімім А әріпінен басталса екен деп армандаған екен.

image

Фото: instagram.com/zhanar_dugalova/

Бұл туралы Астана арнасының “Аналар” бағдарламасында айтылды.

Анасы Жанардың бала күнінен өнерге құштар болғанын айтады. Тіпті, оның алғаш айтқан әні де есінде екен.

“Жанарға аяғым ауыр кезде мемлекеттік емтихан болып, вокалдан, хордан, фортепинодан емтихан тапсырдық. Соның әсері ме, әйтеуір, Жанар ән айтпасам ұйықтамайтын. Жанардың тұқымында барлығының аты ұқсас – Динара, Айжана, Жанара. Босанғанымда Тілектес деген үлкен қайын ағамыз Жанар деген есімді ұсынды”, – дейді Жанардың анасы.

Алайда бұл есімді Жанар Дұғалованың өзі ұнатпайды екен. Ол, тіпті, оны ресми өзгерткісі келетінін айтты.

“Жалпы Жанар десе жек көремін. Төлқұжатымда Жанара деп жазылған. Бірақ өзім ұнатпаймын. Үнемі неге менің атымды “Жанар деп қойдыңдар” деп ренжіп жүремін. Шынымды айтсам, өзімді Жанардай сезінбеймін. Есімімнің А әріпінен басталғанын қалаймын. Ал тегім Дұғалова ұнайды. Ол сахнада әдемі естіледі. Әлі күнге дейін өзгертіп алсам ба екен деп жүрмін”, – деп күлді Жанар Дұғалова.


Жіберіп алмаңыз:

Жанар Дұғалова тарихи роман жазуды қолға алды

Жанар Дұғалованы министрлік берген марапатқа лайық емес дегендер желіде шу көтерді

Дұғалованың орындауындағы “Бұлбұл” әні тыңдармандарын сүйсіндірді (видео)

Баян Есентаева енді Жанарды жақтап сөйледі

Ағасы Жанар Дұғалова туралы мүлде айтқысы келмейтінін жеткізді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар