Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Досының жол апатына ұшырағанын естіген ақтөбелік өз-өзін өлтірмек болған

Ақтөбедегі облыстық ауруханада қызық жағдай орын алды. Өткен сенбі күні жасы қырыққа таяған ер адам дәрігерлерге келген. Оның көкірек тұсының кесу жарақатын алуы нәтижесінде тоқ ішегіне зақым келген.

1461303607_m0bpnkjv46bwh57eugbbnf7yyxoxvv

Бұл туралы aktobetimes.kz  хабарлайды.

Кейінірек белгілі болғандай, ол ас үй пышағымен өзін кеудесінен ұрып өмірімен қоштаспақ болыпты. Алайда бұл әрекеті сәтсіз болған. Бір қызығы, емделуші өзінің бұл әрекетке баруына басқа қалада тұратын досы себеп болғанын айтқан.

“Таразда менің жан досым жол апатына ұшырады, сосын менің өлгім келді”, – деген ол.

Өз-өзін өлтіргісі келген ер адамның әйелі бар және екі бала тәрбиелеп отыр екен.

Талқылау