Дос Көшім: Көптеген елдер жерді тегін берді және одан ұтылған жоқ

Жексенбі, 22 Мамыр , 2016 9:37

Жалпы Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші және осы екінші отырысы да көңілімнен шықты. Өйткені, жұрттың бәріне өз пікірлерін, ұсыныстарын айтуға толық мүмкіндік берілген деп есептейді Комиссия құрамындағы ұйымдастырушылық тобының жетекшісі Дос Көшім.

дос-көшім

Бұл туралы Bnews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

«Бүгінгі отырыста жерді өзіміздің азаматтарға және жалпы сату керек пе деген мәселе қозғалды. Отырыс менің көңілімнен шықты. Себебі көп адамдар өзінің ойларын ашық айтты. Пікірталас та болды. Сондықтан отырыс демократиялық тұрғыдан алып қарағанда жақсы өтті. Менің ойымша, бүгін бұл мәселенің тек басы ашылды. Одан кейін біз осы айтылған пікірлердің бәрін жинақтаймыз», – деді Көшім.

Бүгінгі отырыста жерді тегін беру ұсыныстары да айтылды. Осыған байланысты қоғам қайраткері өз ойын білдірді. Оның айтуынша, көптеген елдер жерді тегін береді және одан ұтылған жоқ.

«Бірақ, кейбіреулер тегін берген шабындық немесе жайылым жерді алып, оны басқаларға жалға беріп, ақша алып тұруы да мүмкін. Дегенмен, егер азамат жерді жақсы өңдеп жатса, адамдардың белгілі бір шектелген гектар жерді тегін алуына мен қарсы емеспін. Бірақ сол жерді алғаннан кейін қайталап саудаға салған адамнан сол жерді қайтарып алатындай механизм керек», – деді Дос Көшім.

Бүгінгі отырыста Дос Көшім комиссия мүшелерінен құрылған 4 жұмыс тобының біріне жетекшілік етті. Саясаткер бастапқыда топтың негізгі мақсат-мүддесін анықтау керек, содан кейін жоспар жасаймыз дейді.

«Топтың ішінде ең қызығы, жерді сатуға да, жалға беруге де қарсы адамдар, барлығымыз жиналғанбыз. Топтың ішінде белгілі ағаларымыз, ақын-жазушыларымыз бар. Біз осы комиссия жұмысының жариялылығын қамтамасыз етуге тырысамыз. Және де бүкіл халықтың осы мәселені талқылауына кепілдік беретіндей етіп механизм жасауымыз керек. Әрбір облыста дәл осыған ұқсас жер реформасына байланысты комиссиялар құрылу керек. Осыған байланысты жұмыстың барлығын біз жүзеге асыруға тырысуымыз қажет. Жерге байланысты сан түрлі пікірлер бар ғой. Біздің топ солардың бәрін комиссияның құлағына жететіндей механизм жасайды. Сондықтан, біздің тобымыздың жұмысы күрделі», – деді Көшім.

Саясаткер құрылған топтардың жетекшілеріне қатысты ойымен де бөлісті. Оның айтуынша, Мұхтар Тайжан жер мәселесіне қатысты биліктің бағытына басқа көзқарасы бар адам.

«Сондықтан 4 комиссияның екеуінде Мұхтар Тайжан мен менің болғаным бұл да комиссия жұмысының демократиялық шешімінің көрінісі. Бақытжан Сағынтаевтың осы жұмысты ашық жүргізіп отырғандығының дәлелі», – деп ойын қорытындылады Көшім.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі отырыста комиссия мүшелерi жұмыс топтарының жетекшiлерiн ұсынып, дауыс беру арқылы сайлады. Экономикалық бағыттағы жұмыс тобының төрағасы болып бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі, ғалым Ақылбек Күрiшбаев сайланды. Құқықтық жұмыс тобына белгілі қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан жетекшiлiк етеді. Ал ақпараттық түсiндiру тобын Мұрат Әбенов, ұйымдастырушылық мақсаттағы жұмыс тобын Дос Көшiм басқарады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

23
Комментариев

Пікір қалдыру


Бауыржан
5 ай 30 күні кері

Жалпы Дос Көшім ағамызға ризамын ұлт тағдырына ат салысып жүрген нағыз патриот адам.

Равшанбек
7 ай 24 күні кері

Халық пен биліктің арасында диалог жүргізіліп жатыр. Сәттілік тілейміз! Бәріміз бір шаңырақтың балаларымыз ғой

Умида
7 ай 24 күні кері

Ұсыныстар іске асып, халықтың көңілінен шығатынына сенеміз

Шынара
7 ай 24 күні кері

Комиссияның 2 отырыс өтті, жақсы пікірлер айтылып жатыр, енді жақсы жұмыстар жасалатынына сенеміз

Дариянур
7 ай 24 күні кері

Егер экономикамыздың дамуына үлесін тигізіп жатса меншіктеуге болатын шығар, комиссия жан-жақты қарайды деген сенімдеміз

Наурызбек
7 ай 24 күні кері

Халыққа тегін берілген жағдайда оның жұмыс барысын бақылау керек, ол жер қандай пайдасын тигізіп жатыр елге, не болмаса бос жатыр ма

Нариман
7 ай 24 күні кері

Көшім мырзаға сенеміз, жалпы сол жерде отырған адамдардың бәрі көзі ашық, көкірегі ояу адамдар ғой

Арман
7 ай 24 күні кері

Ең басытысы ел аман болып, ешқандай ереуіл болмаса екен

Айсулу
7 ай 24 күні кері

Алдағы уақытта осы комиссия жақсы шешім қабылдап, бір келісімге келер деген ойдамыз

Исатай
7 ай 24 күні кері

Дос Көшім ағамыздың ой пікіріне ризамын.

1 2 3
wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
16.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар