Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Ақжайық» Саратовтың «Универсалымен» өткен екінші ойында жеңіліп қалды

Допты хоккейден «Жоғары лига» бүкілресейлік жарысының екінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» бүгін өз айдынында Саратовтың «Универсалымен» қарымта кездесуін өткізді.

ee99137bc8f5dd828d56ba0c18dd49e9_XL

Бұл ойында қонақтар бірінші болып есеп ашқанымен, Максим Пьянов пен Максим Өтебалиевтің дәл соққыларынан кейін «Ақжайық» 2:1 есебімен алға шықты. Алайда айдын иелері бұдан кейін өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Тіпті 35-минутта М.Пьянов қонақтар қақпасына белгіленген 12 метрлік айып добын тағы енгізе алмай  қиналды.

Сонымен, біріншілік басталғаннан бері «Ақжайық» ойыншылары бес рет 12 метрлік айып добын (соның үшеуін М.Пьянов) дәл орындай алған жоқ. Сөйтіп, бірінші тайм 3:2 есебімен «Универсалдың» пайдасына аяқталса, ойын соңына таман қонақтар тағы екі мәрте мергендік танытты. Әсіресе, саратовтық Сергей Гавриловтың хет-тригі бар мәселені шешіп кетті деуге болады.

Айта кетейік, бұл ойыннан кейін 16 ұпаймен батысқазақстандық клуб бұрынғысынша алтыншы орында қалса, «Универсал» алғашқы үш ұпайына ие болды. «Ақжайық» жаңа жылдағы бірінші кездесулерін 9-10 қаңтарда Саратовта дәл осы командамен өткізеді.

Талқылау