Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дональд Трамп қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

АҚШ-тың Орта Азия мәселелері бойынша мемлекеттік хатшысының көмекшісі Элис Уэллс  Құрама штаттардың президентінің қазақстандықтарды құттықтауын жеткізді. Дональд Трамп Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтаған, деп хабарлайды Stan.kz.

Дональд Трамп

Астанада өткен брифингте Элис Уэллс  қазақстандықтарға Дональд Трамптың құттықтауын жеткізді.

«Мен Трамп мырзаның сіздердің алдағы уақытта мерекелейтін Тәуелсздік күнімен құттықтауын жеткізгім келеді. Біз сіздердің мемлекетіңізге барлық жағынан қолдау көрсетуге дайынбыз», – дейді Элис Уэллс.

Сонымен қатар ол қазақстандықтарға алғыс білдірді.

«Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары кезінде екі ел лидерлерінің арасында жасалған келісімдердің іске асырылуындағы тамаша ілгерілік үшін қазақстандық тарапқа алғыс білдіргім келеді», – дейді ол.


Тәуелсіздік туралы үздік 10 өлең

Stan.kz
Сейсенбі, 11 Желтоқсан, 2018 15:25