Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Доминик Уэйд Головкинге қарсы дайындалып жатыр (видео)

Америкалық боксшы Доминик Уэйд WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Генадий Головкинге қарсы дайындығын жалғастырып жатыр. Жаттығуларының бірінде түсірілген видеода ол өзінің жылдамдығын көрсеткен.

photo_74768

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Қос боксшы арасындағы кездесу 23 сәуір күні Лос-Анджелесте өтеді. Қазақстан уақыты бойынша бұл кез 24 сәуір күні таңғы уақытқа сәйкес келмек. Әзірге бұл кездесуді қайсы отандық телеарна көрсететіні белгісіз.

Головкин осы жолы WBA титулын 16-шы рет, IBO-ны 13-ші рет, WBC (Interim)-ды төртінші рет, ал IBF-ты бірінші рет қорғауға шығады. Гена кәсіпқой шаршы алаңда барлығы 34 кездесу өткізіп, барлық кездесуде жеңіске жеткен. Оның 31-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Уэйд 18 кездесуінің 18-інде де жеңіске жеткен. 12 жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтаған.

Талқылау