Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Долларды 100 теңгеден сатқан жалған ақша жасаушылар ұсталған видеожазба пайда болды (видео)

Долларды 100 теңгеден сатқан жалған ақша жасаушылар ұсталған видеожазба пайда болды. Видеожазба Алматы облысы бойынша МКД-нің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

Естеріңізге сала кетсек, 8 қазанда жалған 30 мың АҚШ долларын 3,06 миллион теңгеге сатқан Тәжікістанның екі азаматы мен екі Қазақстан азаматы ұсталған еді.

 

Задержание фальшивомонетчиков…

Публикация от Алматы облысы Мем-ік кірістер (@dgd_almaty_reg)

«Осыған байланысты тұтқындалғандардың жеке басын тінтігенде, олардың бірінен 100 долларлық 7 банкнот табылды. Сонымен қатар, басқа да іс-шаралар жүргізіліп, құны 100 долларлық жалған банкноттың 20 данасы табылды», – деп хабарлайды Алматы облысы бойынша МКД экономикалық тергеу қызметі.

Тұтқындалғандардың барлығы Іле аудандық ІІБ Уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының аясында аталған қылмыстың басқа да қатысушылары мен олардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Жіберіп алмаңыз:

Зың, дың, saebiz: сөзден де, әннен де қадір кетті…

Каспий банк бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Тараздық данышпан бала Назарбаев Университеті үшін Кембриджден бас тартты

Құлсары қаласында көшеде тыр жалаңаш жүрген еркек ұсталды

Талқылау