Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дмитрий Баландин Болгария чемпионатында екінші алтынға қол жеткізді

Рио Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин Болгарияда өтіп жатқан ашық чемпионатта екінші алтын медальді жеңіп алды.

баландин тагы чемпион

Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Сонымен, Баландиннің қоржынында – екі алтын және бір қола медаль бар. Бұл жүлделерді спортшы 100, 200 және 50 метр қашықтықта жеңіп алды.

29 маусым күні Баландин 100 метрге жүзуден жеңіске жеткен еді. Ал екінші алтын медальді жарыстың соңғы күні, яғни 2 шілде күні қанжығасына байлады. Қашықтықты ол 2 минут 14,19 секундта бағындырды. Екінші орын тағы бір қазақстандық спортшы Айбек Камзеновке (2:16.55), ал үшінші орын болгар азаматы Лачезар Шумковқа (2:18.22) бұйырды.

Айта кетейік, Баландин 14-30 шілде аралығында Будапештте өтетін әлем чемпионатына да қатысады.

Жіберіп алмаңыз:

“Қазақстан Барысы” турнирінің жеңімпазы анықталды

Серік Сәпиев кәсіпқой боксшы Қанат Исламның қазіргі жүрісіне көңілі толмайтынын айтты

“Астана” ойыншысы ресми түрде Испания чемпионатына ауысты

Лионель Месси бала күнгі құрбысына үйленді (фото)

Талқылау