Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еркіндікке жіберілген дизель бағасы шарықтап кетті

Еркіндікке жіберілген дизель бағасы шарықтап кетті. Тіпті кей облыстарда сұйық отын 125 теңгеден сатылып жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.

отын

Бұл сәтті пайдаланып қалуға тырысқан кейбір жанармай құю стансаларының  қожайындары таблодағы бағаны жиі өзгертуде.

Елімізде дизель бағасының еркіндікке жіберілуі үлкен дүрбелеңмен басталды. Әсіресе, оралдық жүргізушілер таңда жанармай құю бекетіне келгенде, өз көздеріне өздері сенбей естерінен тана жаздаған. Себебі көп сұранысқа ие солярка 99 теңгеден 125 теңгеге бір-ақ шарықтапты.

Кейбір жерде талонмен берілсе, Оралдың біраз бөлігінде сұйық отын атымен жоқ. Басқа облыстардағы жағдай да құбылып тұр. Адамдардан маза кеткен. Өйткені, енді азық-түліктің бағасы шарықтауы ықтимал.

Бірнеше күннен бері дизельді еркіндікке жіберген Энергетика министрлігі оның литрі 115 теңгеден аспайды деген еді. Алайда оның бағасы сәт сайын аспандап жатыр.

“Бүгіннен бастап бүкіл Қазақстан бойынша,барлық жерлерде дизельдік отын тек нарықтық бағамен белгіленетін болады”, – дейді Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Асқар Жалдинов.

 

Талқылау