Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дизайнер зорлаушының шабуылынан қорғайтын шолақ шалбар ойлап тапты

Зорлаушының шабуылынан аман қалған Оберхаузендік неміс дизайнері Сандра Сеильз (Sandra Seilz) керемет шолақ шалбар ойлап тапты. Бұл жаңа шолақ шалбар әйелдерді  қорғауға арналғаны туралы Metro басылымында жарияланды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қауіпсіз шолақ шалбар созылатын материалдан жасалған. Жаңа топтаманың артықшылығы белбеуі комбинациялы кодпен бекітілген. Зорлаушы шолақ шалбарды шешуге тырысқанда, дыбыс жүйесі іске қосылады. Ал қатты дыбыс ойнағанда шабуылдаушы арам ниетін жүзеге асыра алмайды

Сандра бастапқыда 150 дана шолақ шалбар шығарған. Бір шалбардың құны 149 еуроға бағаланды. Бірақ сұраныс соншалықты көп болғандықтан, қосымша тапсырыс қабылдады. Бұдан басқа да бағасы 89 еуро тұратын қауіпсіз шолақ шалбарлар бар. Жаңа топтамаға тапсырыс тек Германиядан емес, басқа мемлекеттерден де түседі екен.

Жіберіп алмаңыз:

Тарантино Ума Турманды шынжырмен қылқындырып, оған түкіргенін мойындады 

8 жасар бала суға батқан досын құтқарып қалды 

Түрікменстанда пәктігі табылмаған қыздардың анасын шақыртып бүкіл мектепке масқаралап жатыр 

Әйгілі өнертапқыштың көлігі ғарышқа ұшырылды 

 

 

Талқылау