8 жасар бала суға батқан досын құтқарып қалды

Башқұрстанда екінші сынып оқушысы суға батып бара жатқан досын құтқарып қалды. Ерлік жасаған сегіз жасар баланы Ресей ТЖМ марапаттады.

Бұл туралы TengriMIX жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Фадис Салимгареев пен досы екеуі тоғанға барған. Олардың бірі су бетіндегі мұзды тексермекші болып, үстіне секірген. Кенеттен мұз жарылып, бала салқын суға батып бара жатқан.

8 жасар Фадис қорқып қалса да, досын үлкендердің көмегінсіз құтқаруға кіріседі. Ол мұзға жатып, батып бара жатқан досына қолын созып, құтқарып қалады. Балалар үйіне аман жетіп жылынып, құрғақ киім киген.

Досын құтқарып қалған Фадисті Ресейдің ТЖМ марапаттады.

Тағы оқыңыз:

Түрікменстанда пәктігі табылмаған қыздардың анасын шақыртып бүкіл мектепке масқаралап жатыр

Павлодарда ата-аналар балабақшаның асханасынан шіріген тамақ пен тышқан нәжісін тапқан

Ақтөбелік қызметкерлер 8 жылдан бері әжейге азаматтық бермей, қайта тұрмысқа шығу керектігін айтқан

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
26.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар