Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дініміз бөлек: “Қалаулымдық” Айя өзінен 20 жас үлкен кәріс азаматының бетін қайтарды

Күні кеше “Қалаулым” жобасында бұрын соңды болмаған оқиға орын алған еді. Сонау Оңтүстік Корея елінен 40 жастағы кәсіпкер келіп, қазақ қызына көңілін білдірген болатын. Бұдан кейін Чуй мырза мен Айяның таныстығы мейрамханадағы кездесуге ұласқан. Алайда бүгін 20 жастағы қазақ қызы шетелдік азаматтың бетін кері қайтарды, деп жазады Stan.kz.

Дініміз бөлек: "Қалаулымдық" Айя өзінен 20 жас үлкен кәріс азаматының бетін қайтарды

Егер Айя келіскен жағдайда, Чуй мырза қазақ тілі мен мәдениетін жетік меңгеруге дайын екенін айтты. Қанша қажет болса, Қазақстанда сонша уақытқа қалуға ниетті екенін де жеткізді.

Алайда Айя Чуй мырзамен келіспеді. Ол екеуінің арасында талай кедергі бар екенін мәлімдеді.
“Мен небәрі 20-дамын, жаспын. Екеуміз екі дәуірдің адамы секілдіміз. Қызығушылықтарымыз да әртүрлі. Әртүрлі уақытта өмір сүріп жатырмыз. Бұл кісі мен менің өмірге деген көзқарасымыз қиыспауы мүмкін.
Тіліміз, мәдениетіміз, менталитетіміз екі түрлі, әрі жас айырмашылық білінеді.

Мен басқа халықтардың өмір сүру салтына қызығамын. Қажет болса, тілді де меңгере аламын. Бірақ мен үшін қазақ халқы бірінші орында. Жаман ұлт жоқ, жаман адамдар болады. Чуй мырза – өте жақсы адам. Бірақ оған үйренісу өте қиын болатын сияқты.

Мені таңдап, өзге елден ұшып келгеніңізге құрметпен қараймын. Бірақ екеуміз екі түрлі адамбыз деп айттым. Жалпы өзге елден қыз алған өте қиын. Дініміз де әртүрлі. Әрі мен үшін бірінші кезекте ата-анамның бата бергені маңызды. Менің әкем түбегейлі қарсы. Ол немерелерінің өзге елде өскенін қаламайды. Өте жақсы дос болып қалсақ деймін”, – деп соңғы сөзін айтты Айя.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау