Діни басқарма бас мүфти болып Мұхамеджан Тазабеков тағайындалады дегенге қатысты пікір білдірді

Сейсенбі, 29 Қараша , 2016 22:34

Діни басқарма еліміздегі салафизм ағымына қосылғандардың портретін жасады. Жат ағымның жетегінде кеткендердің басым бөлігі ауылдан шыққан 25-30 жас аралығындағы азаматтар. Сондай-ақ, басқарма Мұхамеджан Тазабековке қатысты да пікір айтты. Бұл туралы КТК хабарлайды.

7PbKEBTr024s7gPQ-lg (1)

Әрі көбі жағдайы төмен отбасыларда тәрбиеленген және жұмыссыз бос жүргендер. Олар радикалды бағыттағы шейхтарды пір тұтып, солардың уағызын тыңдаған.

“Ең бірінші себебі бұл білімсіздік. Көбісі интернеттен дәріс алады. Оның ар жағында кім отырғанын білмейді. Сондықтан имам, теологтармен, жеке әңгіме барысында, олар өздерінің исламнан толық хабардар емес екенін, қайдағы бір интернеттегі мәліметтерді өздеріне сіңіргенін мойындады”, – деді бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Сондықтан мүфтиат лаңкестігі үшін сотталған 400 астам адамды бөлек түрмеде ұстауды қолдап отыр. Тіпті түрмелерге барып дінінен адасқандарды райынан қайтарып жүр екен.

Сондай-ақ, бүгін Діни басқарма Бас муфти ауысады деген ақпаратқа қатысты да мәлімдеме жасады. Өйткені соңғы күндері «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков Діни басқармаға басшы болып тағайындалады екен деген ақпарат тараған. Басқармадағылар болса қазіргі төраға Ержан қажы Малғажыұлы қызметтен кетпейді деп отыр. Оның үстіне Бас Муфти болатын адам Ханафи мәсхабын ұстануы керек дейді.

Оқи отырыңыз:

Ұзынағашта ағайынды үшеуді өлтірген қылмыскерлерге сот үкімі шықты

Астаналықтар тротуарға жүрек бейнесін салған адамды тапты

Шымкентте 76 жастағы қария күннің суығына қарамай өзенге шомылып жүр

Данияр Елеусінов көмекке мұқтаж отбасының пәтер ақысын төлеп берді (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
9 күні 9 сағат кері

Ол озинин жумысын истесин

Анонимно
9 күні 10 сағат кері

Осындай қауесет тарату жақсы емес. Сәләфтардың әрекеті болса керек.

Анонимно
9 күні 13 сағат кері

Ол кісінің діни жоғары оқу бітіргені жайлы естімеппін

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар