БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Дін қызметкері өзі зорламақ болған кезде жыныс мүшесін кесіп алған қызды кешірді

Үндістанның дін қызметкері зорлау кезінде жыныс мүшесін кесіп алған қызды кешіргенін айтты. Бұл туралы ол баспасөз конференциясында хабарлады.

Үндінің рухани ұстазы 8 ай бұрын 23 жастағы қызды зорламақшы болған. Бірақ қыз оған мүмкіндік бермей жыныс мүшесіне ауыр зиян келтірді, деп жазды Mirror.

Мүшесінің 4 сантиметрге дейін кесілгеніне қарамастан ер адам дәрігерлердің көмегіне 4 жарым айдан кейін жүгінген.

Ол ауруханада мүшесіне не болғанын түсіндіруге мәжбүр болды. Сөйтіп, оқиға туралы полиция да хабардар болды.

гуру

Ол өзін біреудің зорламақшы болғанын айтқан. Бірақ, қызды кешіргенін және тезірек емделгісі келетінін айтқан

“Егер мен кінәлі болсам, Құдайдың және соттың алдында дәлелденеді. Мені кінәлі десе жазалануға дайынмын. Менің ешкімге арызым жоқ. Маған тап бергендерді кешіремін”, – деді ол.

Дәрігерлерді айтуынша, ер адамның жыныстық мүшесі толық қалпына келтірілген. Сондықтан ол баспасөз конференциясын ұйымдастырып, жақсы жаңалығымен бөліскісі келген.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр