Дін қызметкері 4 көлік ұрлап, оларды темір-терсек қабылдайтын жерге өткізіп жіберген
Полиция төрт көлікті ұрлады деген күдікпен дін қызметкерін ұстады. Аталған көліктер шіркеудің жанындағы тұраққа қойылған екен. Ағымдағы жылдың мамыр айында ВАЗ-21124, ВАЗ-21101 және екі ВАЗ-21104 көліктерінің иесі полицияға шағымданған.

Сурет: priem-metalloloma.spb.ru
Бұл туралы Gazeta.ru басылымы хабарлайды.
Тергеу жұмыстары барысында 57 жастағы дін қызметкерінің көліктерді ұрлап әкеткені анықталған. Иесі одан көліктеріне қарайлауды өзі өтініп сұраған екен. Дін қызметкері көліктерді темір-терсек өткізетін жерге эвакуатормен алып барған. Алған ақшасын жұмсап үлгерген екен.
Жіберіп алмаңыз:
Шымкенттіктер Жерге жақын ұшқан белгісіз нысанды көріп таңқалған (видео)
Шымкентте мектеп директоры дауыс беру арқылы сайланатын болды
Ұшақ апатынан қайтыс болған 2 азаматтың мәйітін айыру мүмкін болмай отыр
Өртке кешігіп жеткен құтқарушылар кептеліске түсіп қалдық деп ақталды
Қазақстандық ер адам Көк төбедегі қымбатшылыққа шағымданды: Саябақтың иесі кім және неліктен бағалар жоғары?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"