Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дін істері министрі шайтанға табынған сатанистер туралы айтты

Дін істері министрі салафиттердің уақыт өте келе жоқ болатынына сенімді. Ақтөбелік студенттермен кездесуге келген Нұрлан Ермекбаев бұл ретте тіпті шайтанға табынған сатанистерді де мысал ретінде келтірді, деп хабарлады КТК арнасы.

5800b184249d0photo_194754

“Бұрын қайдағы бір сатанистер де болған. Түрлі сондай секталар көбейгеннен кейін өздерімен өзі жоғалып кетті. Сол сияқты қазіргі анау салафит болсын, басқа да теріс ағымдар солардың бәрі сәннен шығып қалады”, – дейді ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.

Министр Нұрлан Ермекбаев ел ішінде ылаң салған әсіредіншілердің дәурені қашан бітетінін нақты айта алмады. Ең бастысы өзімен кездесуге келген ақтөбелік жастарға «оларға ермеңдер» деумен болды. Мұндай ескертуге бұл аймақтағы студенттердің құлағы әбден үйренген. Өйткені Астанадан министрі, прокуроры мен діндарлары бар 200 өкіл келгелі бері мұндай жиналыстар күнде өтіп жатыр. Дін істері министрі ғаламтор жоқ уақытты қызыға еске алатынын да айтты. Өйткені қазіргі ақпараттық заманда теріс үгіт-насихат жүргізетіндерге тосқауыл қою мүмкін еместігін мойындап отыр.

Жіберіп алмаңыз: 

Қазақстандықтарға күнәсін кешірген атышулы 5 оқиға

Әуе билетін тиімді бағада сатып алу жолдары

Қазақстанда тағы бір мерекелік күн пайда болуы мүмкін

Талқылау