Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дін істері комитетінің орынбасары Бауыржан Мусин пара алғаны үшін сотталды

ҚР Дін істер және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Мусин 7 жылға сотталды.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, Бауыржан Мусинге «Ассар KZ» ЖШС мүддесіне орай Н.Калпаковтан 1 млн теңге және кәсіпкер Е.Құлсариевтен 400 мың теңге сомасында пара алу фактісі бойынша үкім шығарылды.

Іс материалын сәйкес, Мусин «Ассар KZ» ЖШС директорымен 4 млн 900 мың теңгеге тауарды мемлекеттік сату алу туралы келісімшарт жасасқан. Кейіннен Н.Колпаковтан 1 млн теңге пара алып, жеткізілмеген тауарды қабылдау актісіне қол қойған.

Одан бөлек Е.Құлшариевтен 400 мың теңге пара алған. Бауыржан Мусин мемлекеттік қызметте, мемлекеттік және мемлекет үлесі 50 пайыздан асатын коммерциялық ұйымдарда қызметпен айналысу және лауазымды қызметте болу құқығынан өмір бойына айырылды.

«Сот үкімімен Б.Мусинге 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы түбегейлі белгіленді. Ол қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде жазасын өтейтін болады», – делінген сот үкімінде.

Тағы да оқыңыз:

Шымкентте 9-сынып оқушысы асылып қалған күйінде табылды

Алматы-Бішкек жолында таяқ ұстаған әскери формадағы жігіттер автобустарды түн ішінде тоқтатып, ақша сұрайды

Рамазан айына дейін орындалуы тиіс 5 амал

Талқылау