Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дін істері комитеті Қазақстанда салафизмге тыйым салу мәселесін қарастыруда

Ақтөбедегі теракт және Алматыдағы полицейлерге жасалған шабуылдан соң Қазақстандағы салафизм бағыты туралы әңгіме өзекті деңгейге көтеріліп шыға келді. Ал дін істері комитеті болса Қазақстандағы салафизм тағдыры шешіледі деп мәлімдеді.

ммммммммм

Фото: rus.azattyq.org

“Қазақстанда салафизмге тыйым салу мәселесі бірінші рет көтеріліп отырған жоқ. Ақтөбе мен Алматыдағы терактілерге салафиттік идеологияның қатысы бары анық. Қазіргі таңда құзыретті мемлекеттік органдар өткен оқиғаларды талдап зерттеу жасауда. Барлық сараптамалар нәтижесінен соң салафизмге қатысты лайықты шешім қабылданады”, – делінген комитет хабарламасында.

Дін істері комитеті мемлекет қабылдаған шара барынша қатаң жүйеде болатынын да ескертті.

“Қазіргі кезде тыйым салынған ұйымдар қатарында “Хизб-ут Тахрир”, “Таблиғи-жамағат”, және “ат-Такфир уаль-Хиджра” бар. Осылардың соңғысы салафизм идеологиясына негізделген. Кез-келген тыйым бұл қарапайым нәрсе емес. Оның үстіне бұл тыйымның діни жағдайға тікелей қатысы болып отыр”, – деді комитет.

Олар тұрақты түрде елімізде діни экстремизм және терроризм бойынша профилактикалық шаралар өткізіліп тұратынын да мәлімдеді.

Мемлекеттік комтет елімізде мұндай қауіпті идеологияның белең алып кетуінің бірден бір себебі азаматтардың діни білімінің жеткіліксіз болуынан деп түсіндірген.

Осыған дейін Ақтөбе және Алматы қалаларында болған қанды қырғынның себебі де көпшілік тарапынан салафизм идеологиясына телінген еді. Ал жуырда “Қазақ күресі” жобасының ұйымдастырушы, танымал журналист Арман Шұраев осы мәселені көтере отыра, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын қатаң сынға алған болатын.

Талқылау