Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дін істері комитеті елімізде салафизмге тыйым салу мәселесін қарастырып жатыр

Қазіргі таңда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті салафизмге тыйым салу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы «Қазақстандағы дін» деген тақырыпта өткен жиында комитет төрағасы Ғалым Шойкин мәлімдеді.

18224677918_7a2dde7160_b

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

«Халық арасында түрлі пікірлер айтылуда. Мамандар да өз ойын білдіріп жатыр. Сондықтан Дін істері комитеті барлық пікірлерді қарастырып, зерттеуде.  Жалпы, бұл шешім қабылданса, қоғамға тигізетін әсерін де ойлауымыз қажет. Қандай қосымша шаралар қолдану қажет, қандай қауіп қатерлер болуы мүмкін? Міне, осы сұрақтарды жан-жанқты қарастырып жатырмыз», – деді ол.

Сонымен қатар, Ғалым Шойкин аталмыш мәселе бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқандығын атап өтті.

«Дін саласында көптеген жаңа ұсыныстар қаралуда. Басқа ағымдардың жетегінде кеткен азаматтарды оңалту бағдарламаларына көптеген өзгерістер енгізіліп жатыр», – деді Шойкин

Жіберіп алмаңыз:

Елімізде діни жиындардың дін мекемелерінен басқа жерде өткізілуіне заңмен тыйым салынбақ

Талқылау