Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш туралы сұрақтар ҰБТ-ға енгізілмек

ҰБТ-ның қорытынды тапсырмаларына танымал қазақстандық тұлғалар туралы сұрақтар енген жоқ, бірақ байқау сынақтарында кезігуі мүмкін, деп хабарлады ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

20170224103011

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

“Танымал тұлғаларға қатысты барлық сұрақ байқау тестілеуінде болды. Байқау сынағындағы сұрақтар ҰБТ деректер базасына ешқашан енгізілген емес. Болашақта да Димаш Құдайберген туралы сұрақтар құрастыруымыз мүмкін, бірақ, тағы да қайталап айтайын, бұл байқау сынағы деңгейінде ғана болады”, — деп мәлімдеді Рамазан Әлімқұлов БАҚ өкілдері сұрақтарына жауап беріп.

Айта кетейік, ҰБТ-ның деректер базасына қазақ және орыс тілдеріндегі 40 мың сұрақ енеді екен. Қазіргі уақытта емтихан материалдары құпия түрде басылып шығарылуда.

Тағы да оқыңыз:

Министрлік ҰБТ кезінде жасырған шпаргалкаларды қалай тексереді

Павлодар әкімдігі 108 жастағы ең қарт ардагерді құттықтамай елеусіз қалдырған

Күйеуі 52 жыл отасқан жары қайтыс болғанын естіген соң өзі де өмірмен қоштасқан (фото)

Ата-анасы баласын далаға шығармай 14 жыл қапаста ұстап келген

Талқылау