Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген: Ресейде концерт беруді армандаймын (видео)

Әнші Димаш Ресейде концерт беруді қалайтынын сұхбат барысында айтып өтті. Димаштан шетел тілшісі сұхбат алды.

Әнші “Керемет дауысты өзің жасадың ба, әлде табиғат берген дарын ба?” деген сұраққа жауап берді.

“Бұл ең әуелі мұғалімдерімнің арқасы. Менің мықты ұстаздарым болды. Соларға сәлем жолап, рахмет айтам”, – дейді Димаш.

Ресей тілшісі орыс халқының Димашты жақсы көретінін, концертін тамашалағысы келетінін айтты. Ресей елінде концерт өткізу мүмкін бе деген сауал қойды.

“Бұл менің арманым. Егер халық сұрап жатса, Ресейде концерт өткізуді жоспарлауға болады. Соның ішінде Мәскеуді таңдайтын шығармыз”, – деді әнші.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

@aitimovmarat ағай сізге жалынды сәлем)

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Бұған дейін ресейліктер Димашты ыстық ықыласпен қабылдаған еді. Қазақ әншісі Димаш Құдайберген Сочиде өткен халықаралық “Жаңа толқын” байқауынды сілкініс жасады.

Танымал жұлдыздардың өзі Димаштың талантын мойындап, өнеріне тамсанды.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау