Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген биылғы жылғы бірінші жеңісіне қол жеткізді

Димаш Құдайберген Weibo awards жобасы бойынша «Музыкадағы жаңа күш» номинациясын жеңіп алды.

Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Таяуда ғана туған жерінде бір апта демалған Димаш Құдайберген осы жылдың алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ол Weibo awards жобасы бойынша «Музыкадағы жаңа күш» номинациясын жеңіп алды.

«Осы сыйлықты алуыма сіздер себеп болдыңыздар. Қажырлы еңбектеріңізбен маған дауыс бердіңіздер. Үміт ақталды. Өзімнің, барша тыңдармандардың атынан сыйлықты ұстазым Марат Әйтімовке арнаймын»,- деді әнші Димаш Құдайберген.

Ал ұстазы Марат Әйтімов: «Эмоциядан жүрегім аузыма тығылды, сөзім жоқ»,- деп өз ризашылығын білдірді.

Тағы да оқыңыз:

Димаш Құдайберген Қытай продюсерлік орталығымен 8 жылға келісім шартқа отырған

Димаш Құдайберген «Қазақ жауынгерімен» кездесті

Баян Мақсатқызының әкесі Қозы мен Баян хикаясын сынағандарға дәлелмен жауап берді

Талқылау