Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген әлемдік турнесін тоқтатып үйіне оралды (видео)

Танымал әнші Димаш Құдайберген Қытайдың Фучжоу қаласында концерт берген соң, Қазақстанға оралды.

Димаш Құдайберген Қытайдың Фучжоу қаласында өнер көрсетті. Димаш Құдайберген Қытайда «Қазақ жауынгерімен» кездесті Димаш әлемдік турнесі кезінде Фучжоу қаласында өнер көрсетеді Жас әнші әлемдік турнесін үзіп, қысқа мерзімдік демалысқа шықты. Бұл туралы Инстаграмдағы парақшасында жазды.

«Мен Қазақстанға келдім. Аз-маз демалысымды ата-анамның қасында және студияда өткіземін. Турнеде көріскенше құрметілерім», – деп жазды Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне.

“Мен жанкүйерлерімнің жанкүйерімін”, – деп жазды әнші.

Сонымен қатар әнші Қытайдағы қойылған жеке концертінен видео үзінді жариялады. Онда жанкүйерлердің қатты қолпаштаған дауысын естуге болады. Димаш Құдайберген өнер көрсетуі барысында сахнадан жанкүйерлеріне қарай секіреді. Алайда күзетшілер қазақстандықтың концертіне келген көрермендер тобына қауіпсіздік үшін жақындауға мүмкіндік бермеді.

Димаш Құдайберген бұған дейін Чанша қаласында өнер көрсеткен болатын.  Әнші алғашқы әлемдік турнесі аясында ҚХР-ға барды. Бұған дейін хабарланғандай, Жаңа жылды қазақстандық әнші Қытайда қарсы алды.

Тағы да оқыңыз:

Әсел Сәдуақасова өзі туралы жаңа фильм түсіріп жатқанын айтты

Тұрсынғали Алагөзов пен Динара Сәтжан бірігіп бизнес ашпақ

Актер Дидар Кәден ғашығымен кездесе алмай жүргенін айтты

Талқылау