Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген “Әлем аруы-2018” байқауында қазақша ән шырқады (видео)

Димаш Құдайберген “Әлем аруы-2018” байқауының сахнасында өнер көрсетті. Әлемге танылған жерлесіміз әлемдік сахнада қазақ тілінде әр шырқап, көпшіліктің қошеметіне бөленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Димаш "Әлем аруы-2018" байқауында қазақша ән шырқады (видео)

Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash/

Димаш байқау сахнасында өзінің авторлық “Ұмытылмас күн” әнін орындады. Естеріңізде болса, Қытайда өткен Singer байқауы кезінде Құдайбергенов дәл осы әнді қазақ және қытай тілдерінде орындаған болатын.
Димаштың өнер көрсетуі кезінде “Әлем аруы-2018” байқауының қатысушылары сахнаға шығып, әншіге қошемет көрсетті.

Димаш Құдайберген "Әлем аруы-2018" байқауында қазақша ән шырқады (видео)

Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash/

“Халықаралық сыйлықтың иегері, сенсация-әнші Димаш көрермендерді кереметтей орындау шеберлігімен, вокалдық қабілетімен, диапазонымен таңдай қақтырды”, – деп атап өтті байқау ұйымдастырушылары.

Димаш Құдайберген "Әлем аруы-2018" байқауында қазақша ән шырқады (видео)

Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash/

Айта кетейік, Димаш аталған байқауға қазақстандық Екатерина Дворецкаяны қолдау үшін барған еді. Өкінішке қарай, қазақстандық ару үздік 30 сұлудың қатарына кіре алмады. Ал “Әлем аруы-2018” титулы мексикалық сұлуға бұйырды.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау