Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ділназ Ахмадиева опа-далапсыз түрімен бейнебаянға түсті

Ділназ Ахмадиева «Мой любимый человек» әніне бейнебаян түсіруге кірісті. Туындыда әнші отбасы, ошақ қасындағы әйелдің рөлін сомдайды. Сол себепті ол бейнекликпе қарапайым образда, яғни ешқандай опа-далапсыз түсуді жөн көрген.

ахмадиева_16

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

«Жалпы әрбір адамның сүйіктісі болуы шарт. Атауы да халыққа жақын. Өте әдемі әрі позитивке толы туынды. Маған бес тонна бояуымен жүрген жасанды жұлдыз деп инстаграмда жиі жазады. Сондықтан бұл видеода мэйк-аппен әдеміленген Ділназды мүлдем көрмейсіз. Яғни отбасы, ошақ қасындағы қарапайым әйелдің образындамын», – деп атап өтті әнші.

Жаңа бейнебаян көрермен қауымға келесі жылдың басында ұсынылады.

“Менің сүйікті адамым” деп ән салған Ділназдың ғашығының бар не жоғы белгісіз. Айта кетейік, Ділназ Ахмадиева дәм-тұзы жараспаған күйеуімен осыдан бір жыл бұрын ажырасып кеткен еді.

Жіберіп алмаңыз:

Ләйлә Сұлтанқызы: Пәк қыздарды бұл қоғам баяғыда «қызыл кітапқа» енгізіп жіберген

Сәкен Майғазиевтің ұлы тыңдармандарына әкесінің жас кезін еске салды

Айсәуле Бақытбек жігітпен өткізген ең мінсіз кездесу туралы айтып берді

Шыңжаңдық «Қайрат Нұртас» көпшіліктің қошеметіне бөленді (видео)

Талқылау