Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ділназ Ахмадиева әйгілі «Титаник» әнінің авторымен жұмыс істейтінін айтты

Қазақстандық әнші Ділназ Ахмадиева танымал америкалық музыкант әрі продюсер Уолтер Афанасьеффпен жұмыс істейтінін қуана хабарлады.

20987385_113347266029617_5182689628234186752_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Жолым болғыш адам екенімді білетінмін. Бірақ осыншалықты деп ойламаппын. 10 жыл бұрын мен даңқты Кеннет Едмондспен (“Babyface”) танысып, онымен бірге 2 ән жаздырдым. Ал Лос-Анджелеске осы жолы келгенімде ерекше дарын иесі, шебер музыкант әрі продюсер Уолтер Афанасьеффпен таныстым. Онымен бірге жұмыс істеуді армандаушы едім, енді бұл ойым іске асуы мүмкін. Көп рахмет сізге, Уолтер. Осындай тамаша кездесу үшін және осындай қадірлі дүниеге қол жеткізуге мүмкіндік алғаным үшін», – дейді Ділназ.

Айта кетейік, Уолтер Афанасьефф бүкіл әлемді дүр сілкіндірген «Титаник» фильміндегі басты саундтректің авторы. Өздеріңіз білетіндей, My heart will go on әнін әйгілі Селин Дион орындайды.

Жіберіп алмаңыз:

“Қайда?” әнінің қырғызша нұсқасы пайда болды (видео)

Тамара Асар: Бір аяғымнан айырылсам да, өмірге деген құштарлығымнан айырылғаным жоқ

Әке тәрбиесі туралы сөз еткен Бүркіт көптің жүрегін елжіретті

Роза Әлқожа тыңдарманын жаңа бейнебаянмен қуантты (видео)

 

Талқылау