Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ділназ Ахмадиева АҚШ-та танымал әншілер шоуына қатысуда

Ділназ Ахмадиева Лос-Анджелеске бейнебаян түсіруге аттанған болатын. Түсірілім жұмыстарын аяқтаған әнші елге оралуға асықпайды. Себебі әнші АҚШ-та өтетін музыкалық шоуға қатыспақ.

Бұл туралы Гәкку арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Иә, мен Лос-Анджелеске бейнеклип түсіруге барған едім, бірақ аяқ астынан Уолтер Афанасьеффпен таныстым. Ол маған «Исина» деп аталатын шоуға қатысу үшін сауалнама толтыруға ұсыныс білдірді», – дейді Ділназ.

Ұсынысты қабылдаған әнші енді Американың сахнасында өнер көрсетіп, қызыл кілеммен жүріп өтпек. Алайда бұл байқау емес, шоу болмақ.

«Бұл байқау емес, үлкен шоу. Алғашқы ашылуы 1 қазанда өтті, ал ресми түрде басталуы 10 қазанға жоспарланған. Онда 5 тәлімгер болады. Олар атақты, мықты музыканттар. Атап айтсам, Уолтер Афанасьефф, Бэйби Кейс, Кенни Джи», – деп түсіндірді Ахмадиева.

Аталған шоуда бірнеше елден келген талантты әртістер өнер көрсетеді.

«Нақтырақ айтсақ, АҚШ-тан бірнеше адам қатысады, сондай-ақ, Лос-Анджелестен, Сан-Диегодан және т.б. жерлерден болады. Бар болғаны 16 қатысушы. Алайда Қазақстаннан тек қана мен өнер көрсетемін. Менің ойымша, мұнда танымалдардан қарағанда талантты әртістер өте көп», – дейді Ділназ ағынан жарылып.

Жіберіп алмаңыз:

Айдана Меденова жаңа бейнебаянда өзін құтқарған азаматпен көңіл қосты (видео)

Спорттық эстафета бастаған Сәкен Майғазиевтің басы дауға қалды (видео)

Ажырасу мен айықпас дерт: Танымалдығын арттыру үшін «жұлдыздар» тағдырын өздері жазып әлек

“Айырылыстық” деп жар салған Дәурен мен Ақбота ұсталып қалды

Талқылау