Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші соңына дейін бармақ: Ділнәз Ахмадиева өзін балағаттаған жігітке қандай шара қолданылғанын айтты (видео)

Ділнәз Ахмадиева өзін балағаттаған жігіттің ісі жайлы айтып берді, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әнші ұлтаралық қақтығыс тудырды деген айыппен оқырмандарының бірінің үстіне арыз жазып, сотқа берген. Өнер иесін балағаттаған жігіттің үстінен іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы Ділнәз Ахмадиева әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, мән-жайдың шет-жағасын айтып берді.

"Иә, олай болғаны рас. Қазір біз істі аяғына дейін жеткізіп жатырмыз. Тергеу әлі біткен жоқ. Сондықтан, мен іс жайлы ашып айта алмаймын. Бірақ менде осы уақытқа дейін бәрінің көріп үлгерген скриншоттары бар", - дейді Ділнәз Ахмадиева.

Өзін және ұлтын балағаттағаны үшін ашуы келген өнер иесі істі соңына дейін апаратынын айтты.

"Скриншот сақталып қалды. Көріп, таныссаңыздар, пікір білдірсеңіздер болады. Өтінемін балағаттаудың қажеті жоқ. Түсіністік танытқандарыңызға рахмет. Тергеу жұмыстары біткеннен мейін мән-жайды түсіндеретін боламын", - дейді Дильназ Ахмадиева.

Талқылау